Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» атты тың мақаласы жарық көрді. Өмірдің өткені мен бүгінін безбендеп, ұлы Абайдың орамды ой, сүбелі сөз құдіретімен тұжырымдалған жаңа шығарма Тәуелсіз қазақ елінің дамуымен  ұлт болашағы үшін терең мәнге ие.

Елбасы бұл мақаласында ұлы Абайдың әрбір тарихи тағылымын үлгі ете отырып өзінің мемлекет басқару жолындағы тың бастамаларымен бөліскен. Сондай-ақ Ұлт көшбасшысы: – Дана Абайдың сөзі мен ойы біздің күнбе-күнгі тірлігімізге, өркенді өмірімізге кірпіш болып қаланып, бүгінгі өркениет пен алдағы болашақ талабына лайық ұмтылыстарымыздан және игі істерімізден нақты көрініс табатынына кәміл сенемін, — деп атап көрсеткен.  Адамзат өркениетіннің алтын арқауына айналған Абай мұрасы қашанда кемел келешекке  жол ашып, елдің өркендеуіне бағыт бағдар нұсқайтын қасиетті ілім екені ақиқат.Сондықтанда Тұңғыш Президентіміз жариялаған бұл мақала ел өркениетінің өзегі, мемлекет дамуының кепілі.

 Жеңіс Андабеков,

  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Алматы облысы бойынша департаменті

мемлекеттік қызметтер

басқармасының басшысы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK