Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласы жарияланды. Бұл жарияланымда, Елбасы  өзінің өмірлік жолын Абай тағылымымен байланыстырады. Абайды барша қазақ баласына жол сілтеуші, бағдаршамдай көргені анық  байқалады.  Өзінің  Абай атындағы орта мектепте оқып- білім алғаны, елден жырақ  жаққа кетіп білім алып,  еңбекке араласуын да тамаша баяндапты. Өскелең  ұрпақ үшін  бұл деген үлкен өнеге.

Мәселен, Абай заманында толық бодандыққа душар болған қазақ жері бұтарланған, бөлшектелген. Қармайтын тал қалмай, ел тұңғиыққа сүңгіген. Кезінде төрткүл дүние тарабын тоғыстырып, алаш жұртының айбынын асырған, мәңгілік ұйтқысына айналған кіндік шаһар – Түркістан өз мәртебесін жоғалтқанына біраз уақыт өткен. Қазіргі таңда Түркістан жері өсіп-өркендеу үстінде, облыс  мәртебесі берілді.

Әсіресе, жастар Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсінуі тиіс. Ал, осы Абай Құнанбайұлының  шын мәнінде,  иек артып, тәу етіп баратын астанасы да жоқ еді. Елбасы өз мақаласында : «Елдікті аңсаған, бірлікті көксеген данышпан үшін мұнан артық қасірет табылмас. Бүгінгі күні әлемді аузына қаратқан салтанатты елордасы бар егемен мемлекетте өмір сүріп жатқан оның жасампаз ұрпағы мұндай ұлттық шексіз құндылықтың қадірін біліп, маңызын түсінуге тиіс. Абайдың осы арманының орындалғанына, Есілдің жағасында еңселі байтақ қаланың ірге теуіп, бой көтеруіне мұрындық болғаныма мың да бір шүкіршілік етемін»,-  деп  атап өтті.

 

                                                                                                Гүлдана Бейсенбай,

                                                                         «Білім» гуманитарлық-техникалық 

                                                                                               колледжінің студенті.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK