Банан тығып…

651
дереккөз

Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев, өзінің төл шәкірті, Асқат Ізтілеуовпен бірге Балқаш ауданына барыпты. Балқаш Асқаттың туған жері. Балғынбектей ағасын http://www.viagrabelgiquefr.com/ ауылына ертіп барған жас ақын бір келін түсірген үйде  құдалармен дастарқан басында бірге отырыпты.

Ақындар келді деген соң, қонақтар да елеңдеп, екі ақынның сөз қағысын көргілері келіп қолқа салыпты. Домбырасын қолына алып, қырандай қомданған Асқат Балғынбектей ағасын дәу аюға теңеп, өзін маймылмын деп қалса керек. Сол кезде құдаларға «құйрық-бауыр асатамыз» деген абыр-сабыр басталады. Соны өлеңге қосқан Балғынбек шәкіртіне:

Бал тілді Балғынбек ем, бабам түрік,

Бал жеген аю деді балаң шығып.

Өзіңді Мадагаскар маймылы ғып,

Асқат-ау, қайда кеткен адамшылық.

Маймыл болсаң құдалар асатады,

Құйрықтың арасына банан тығып… деген екен.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK