«Тұрмыс» жедел алдын алу шарасы өтуде

997
Дереккөз

Талдықорған қаласының аумағында «Тұрмыс» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде.

Аталған шараның негізгі мақсаты – отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында алкогольдік маскүйде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, жолын кесу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жетілдіру, қолданылатын шаралар туралы қалың бұқара халықты таныстыру, ана мен баланы қорғау, қоғамда отбасы рөлін нығайту. Шара барысында полиция қызметкерлері азаматтарға «102» телефоны бойынша әртүрлі құқық бұзушылықтар жасаған, алкогольдік ішімдіктерді теріс пайдаланатын және есірткі құралдарын пайдаланғаны байқалған адамдар туралы хабардар ету қажеттілігі туралы ескертеді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK