Қазіргі  жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында Талдықорған қалалық жұмыспен қамту орталығы айтарлықтай жұмыстарды атқаруда. Мынау әлемді жайлаған коронавирустық пандемия кезінде  жұмыссыз азаматтарға   «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында көмектер көрсетіліп келеді.

дереккөз

Айтар болсақ, осы жылдың  қыркүйегіне дейінгі мәліметке сүйенсек, жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 3067 адам қамтылып отыр.

Бірінші бағыт бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 375 орта жастағы адамды қамту жоспарланса, бұл міндет орындалды. Бұл үшін 86,9 млн.теңге қаржы  қарастырылған.

 Олардың іс-тәжірибеден өтуіне «Колледж Сенім» ЖШС, «Сервис» колледжі, АО ҚБ «Amanat» және «Шымыр» ЖШС мекемелері мен оқу орындары таңдалынып отыр.

Екінші бағыт бойынша жыл басынан бері қалада екінші деңгейлі банктер арқылы 97,5 млн.теңгеге 9 адамға шағын несие және «Ауылшаруашылық қаржылай» қоры, «Талдыкорган – Агро» қоры арқылы  15 адамға 83,7 млн.теңге несие берілді.  Барлығы 24 азамат бұл көмекті алды.

 Ал,жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 51,6 млн.теңгеге 200 айлық есептік көрсеткішпен (АЕК) 93 грант беру жоспарланып, жыл басынан 79 адамға 43,8 млн.теңге көлемінде қайтарымсыз грант берілді. Олардың ішінде 15 адам 29 жасқа дейінгі жастар, 10 адам аз қамтылған отбасылардан және 3 адам мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатарынан.

Үшінші бағыт бойынша, 70 әлеуметтік жұмыс орны ұйымдастырылды. Бүгінгі күнге 18 мекемемен келісімшарт жасалып, 75 жұмыссыз азаматтың жалақысын субсидиялауда  2,9 млн.теңге қаражат игерілді. Жұмыссыз жастар үшін бұл бағдарламаның маңызы зор. «Жастар тәжірибесі» бойынша 60 мекемеге 228 жас мамандар жіберілді. Оқу орындарын тәмамдаған жұмыссыз жастарға «Табысты даму» ЖШС,  Жеке сот орындаушысы,  «Жетысу ХАБ» ЖШС,  «Жетісу» телеарнасы,  «Аграрная кредитная корпорация» АҚ, КММ «Жастар ресурстық орталығы» КММ  жолдама беріліп, жұмысқа тартылды.

 Сондай-ақ, қоғамдық жұмыстарға, 143 мекемеде 1067 адам жұмыс жасауда. Биылғы жылы Талдықорған қаласы бойынша тұрақты жұмыс орындарына 529 бос жұмыс орындары туралы өтінімдер келіп түсті. Оның ішінен электрондық еңбек биржасы арқылы тұрақты жұмыспен   201 адам  қамтылғандығын айтқанымыз жөн болар. Қазіргі таңдағы пандемиялық карантинге қарамастан  бұл аталмыш мекеме жұмыспен талдықорғандықтарды қамтып отыр.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK