Талдықорғанда «Қазақты қайта дамытатын құнды дүние» атты танымдық сағаты өтті. Аталмыш шара қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында және Сарқан ауданы еріктілерінің ұйымдастыруымен іске асты, — деп хабарлайды Тaldykorgan-online.kz

Мұндағы мақсат – жас буынға ұмыт болып бара жатқан ұлтымыздың салт-дәстүрлерін, тарихын, өнерін дәріптеу.

Шара барысында ерікті жастар және қала тұрғындары Достық үйіне барып, қазақ халқының салт-дәстүрінен сыр шертетін аранайы көрме залын тамашалады.

Бұдан бөлек Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын халық арасында кеңінен дәріптеу үшін «OpenAir» форматында көрме ұйымдастырылды.

Мұқан Төлебаев ескерткішінің алдында өткен акция барысында арнайы мольберттарға «Атқа міну мәдениеті», «Ұлы даладағы ежелгі металлургия», «Аң стилі», «Алтын адам», «Түркі әлемінің бесігі», «Ұлы Жібек жолы», «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны» сынды суреттер көрермен назарына ұсынылды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK