Биыл қасиетті Рамазан айы қашан басталады?

479

Биыл қасиетті Рамазан айы 16 мамырда басталады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

ҚМДБ бекіткен 2018 жылғы діни күндер күнтізбесіне сүйенсек, осы жылы Рамазан айы мамырдың он алтысына сәйкес келіп тұр. Ал 14 маусымда Оразаның соңғы күні. Маусымның 9-нан 10-на қараған түні – Қадір түні. Ораза айт 15 маусымда, ал Құрбан айт 21 тамызда басталады.

Ескерту: Хижри айлардың басталуы Түркия мен араб елдеріндегі халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. «Арафа» мен «Құрбан айт» күндері араб елдерінің белгілеуімен анықталатындықтан, бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK