ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі елде коронавирустың екінші толқыны болған жағдайда, еңбек нарығында болуы мүмкін оқиғалардың болжамын жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ. сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz .

Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, егер де  елде коронавирустың екінші толқыны болып, қатаңдатылған карантин енгізілсе, онда 2,2 миллион адам қиын жағдайға тап болуы мүмкін. Ал жұмыс істейтін тұрғындардың тек жартысы ғана қалыпты режимін сақтай алады. Олардың қатарына ауыл шаруашылық, құрылыс, өндіріс және денсаулық сақтау саласында еңбек ететіндер жатады. Сондай-ақ 2,5 миллиондай адам қашықтықтан жұмыс істеуге көшеді. Болжам бойынша, 2 млн.адамның жұмыс режимі қайта қарастырылады. Яғни олар ақылы немесе ақысыз демалысқа кетуі мүмкін. Бұл олардың табыс деңгейіне әсер етеді. Бұл сауда, транспорт, қызмет көрсету, өмір сүру және тамақтану салаларының жұмысшыларына қатысты. Министрліктің болжауынша, 162 мыңдай адам жұмыссыз қалуы мүмкін. «Карантинді қайта енгізу жұмысшылардың босатылуына және олардың кірістерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Біз инфрақұрылымдық жобалар, жұмыспен қамтудың жол картасын жалғастыру арқылы жұмыс орындарын сақтау және құру бойынша шаралар қабылдаймыз және «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде субсидияланған жұмыс орындарының көлемін ұлғайту жоспарланып отыр», — деді министр.

 Б.Нұрымбетовтың сөзінше, қысқартылған жұмыс істеуге ауысқан кезінде 42,5 мың теңге мөлшерінде өтемақы немесе жалақының бір бөлігін субсидиялау енгізілуі мүмкін. Карантиндік кезеңдегі жұмыссыздар үшін жұмысынан айрылу кезеңінде төлемдерді көбейту бойынша ұсыныстар енгізу жоспарлануда. Еске сала кетсек, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында 42500 теңгені алуға құқы жоқ деп танылған тұрғындардың өтініші 1 желтоқсанға дейін қайта қаралатыны туралы ақпарат жарық көрді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK