Қаладағы қоғамдық жағдай тұрақты

354
Фото авторы А.Нұршанов

Қалалық жергілікті атқарушы органдар 2017 жылы “Қазақстан – 2050” Стратегиясы, «5 институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» — Ұлт жоспары, “Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаhандық бәсекеге қабілеттілік” Жолдауында айқындалған міндеттерді іске асыруда қызмет атқарды. Бұл жөнінде Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев зейнеткер және әлеуметтік төлем алушылармен кездесу барысында мәлімдеді.

Фото авторы А.Нұршанов

Бағдат Әбілмәжінұлы “Баршаңызға мәлім, Елбасы Н.Ә. Назарбаев жақында  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жария етті. Аталмыш Жолдауда көрсетілген  10 бағыт алдағы уақытта жүзеге асырар  істерімізбен тікелей байланысты”-деп өткен жылды қорытындылап, ағымдағы жылғы жоспарларға тоқталып өтті. Қаладағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты, оны қалыптастыру бойынша үнемі мониторинг жүргізіліп отырады. Қала әкімі аппаратына тұрғындардан 7595 жазбаша өтініш келіп  түскен. Барлық өтініштер бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданып, жауапты мемлекеттік мекемелерге жолданды. Қала әкімдігінің сайтына 115 өтініш түсті.Сонымен қатар, тұрғындардан түскен 40 телеграмманың 38-і бойынша шаралар қабылданды. Бекітілген кестеге сәйкес қала басшылығы 796 адамды қабылдады. “Электрондық жүйе арқылы жүгіну” жүйесі іске қосылып, 232 өтініш бойынша тиісті шаралар қабылданған. Бұл жүйе арқылы  тұрғындар  әлеуметтік желіде  қалалық мемлекеттік мекемелер мен олардың басшыларына түрлі мәселелер бойынша сұрақ қоюға мүмкіндігі бар.

Фото авторы А.Нұршанов

Кездесу аясында еңбек ардагерлеріне жеңілдіктер, демалыс орындарына жолдамалар берілсе, жаңадан бой көтерген шағын аудан аумақтарында дәріхана салынса деген өтініштерін білдірді. Сонымен қатар,  21 жасар ұлын әскерге аттандырған әке екі айдан соң баласының мүгедек боп оралғанын айтып, тұрақты ем қабылдауға көмек сұрады.

Бізді TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

 

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK