Талдықорғанда «Ортақ шаңырақ» акциясы аясында «Өзіңді көрсет» облыстық үздік жобалар байқауы өтті. Еркін  тақырыпта өткен сайысты «Достық үйі» қоғамдық келісім орталығы мен «Өңірлік Жаңғыру жолы» штабы  ұйымдастырған.

Бұл шара  жалпыұлттық бірліктің моделіне арналған. Байқаудың басты мақсаты – жастардың әр саладағы әлеуметтік жобаларға деген танымдық қызығушылығын арттырып, ой өрісін дамыту және оған ынталандыру, — дейді ұйымдастырушылар.

Байқауға 16 мен 35 жас аралығындағы үміткерлер қатысып, 21 стартап жобасын қорғады. Тартымды да қызықты өткен сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені А.Етимов иеленсе, бірінші орынды үздік робот құрастырушылары Н.Авдюнин, Д.Филимонов және Д.Жемісбековтер  еншіледі. Ал, екінші орынға Е.Есімжанова лайық деп танылса,  үшінші жүлдеге А.Есім қол жеткізді.

                                                                                         Айдын КӘЛІМХАН.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK