17 қыркүйектен Алматы облысында праймеризге қатысушы үміткерлердің пікір-сайыстары өтуде. Жеребе арқылы 178 топқа бөлінген үміткерлер 30-шы қыркүйекке дейін бақ сынасып, сайлауалды бағдарлама жобасын таныстыру, өңірдің өзекті мәселелері аясында тақырыптар қозғалмақ. Пікір-сайыстар Фейсбук, Инстаграм әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфир арқылы да партия филиалдарының парақшаларында өткізіліп, желі оқырмандарының көруіне мүмкіндік алып отыр. Партия филиалдарының парақшаларында 95 мыңға жуық оқырмандар тіркелген.

3 күннің өзінде 47 пікір-сайыс өткізілген. Сонымен қатар, үміткерлердің 3 қазанға дейін үгіт-насихаттық кездесулерін өткізу жалғаспақ.

Естеріңізге сала кетсек, «Nur Otan» партиясы 17 тамыз – 3 қазан аралығында партия ішілік іріктеу – праймериз өткізуде. Оған Алматы облысынан 1090 үміткер қатысуда.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK