Талдықорғанда бильярдтан ардагерлер арасында қалалық турнир өтті. Аталмыш сайыста 63 жастан асқан зейнеткерлер шеберлік байқасып, «Мәскеу пирамидасы» бойынша үздіктерін анықтады, — деп хабарлайды Тaldykorgan-online.kz

Жарыста 10 қатысушы үш топқа бөлініп ойнады. Кейін сол жерден іріктеліп шыққандары финалда кездесті. Жеңімпаздар қала әкімдігі тарапынан ұсынылған кубок, диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Енді турнирде топ жарған ойыншылар облыстық, одан әрі республикалық сайыстарда жергілікті жердің намысын қорғамақ.

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақшабай Керімбеков:

— Біздің жылдық жоспарымзда әр түрлі іс-шаралар бар. Ұйымдастырып жатқан жарысымыз соның бірі. Індетке байланысты біраз уақытын созып алып едік, сәті бүгін түсіп отыр. Қазір карантин режимі болғандықтан санитарлық талаптардың орындалуын басты назарға алдық. Яғни, ойыншылардың ара қашықтығы сақталып, бетперде киюі міндеттелді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бильярдтан бөлек жыл соңына дейін ардагерлер арасында шахмат, дойбы және теннистен жарыстар өткізілмек.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK