ХАЛЫҚ СЕНІМІН АРТТЫРУ ҮШІН

1408

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бүгінгі «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Қазақстан халқына Жолдауы – тарихи құжат. Себебі əрбір Жолдау – егемен елімізді одан əрі дамытудың, биік табыстарға жеткізудің стратегиялық жолы.

Бұл Жолдаудың ең басты ерекшелігі – халықтың əл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталғаны болып отыр. Сол себепті де оны елдің игілігіне бағытталған тарихи құжат деп қабылдауға əбден болады. Шын мəнінде, Жолдау да айтылған барлық басымдықтар миллиондаған қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартып, олардың бəсекеге қабілеттіліктерін көтеретін тиімді тетіктер.

Президент сондай басым міндеттердің қатарында азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сот жəне құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың жəне олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы екендігін де ерекше назар аударды.

Мәселен, Қ.Тоқаев: «Заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік бермесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» — бұл, шын мәнісінде, «әділ мемлекет » құру тұжырымдамасы. Азаматтар мүлігіне қызмет ететін мемлекеттің жаңа стандарттарын әзірлеу үшін көп жұмыс атқаруымыз керек. Осы тұрғыда құқық қорғау және сот жүйесі негізгі рөл атқарады. Бұл салаға реформа аса қажет. Заң үстемдігінің маңызды өлшемі — бейтара және әділ сот төрелігі. Сот жарыспалы, ал судья айыптаудан тарапынан бос болуы керек. Ол үшін адвокат пен прокурордың теңдігін қамтамасыз ету қажет. Қоғамның соттарға деген сенімін нығайту басым мақсат болуға тиіс. Оған мемлекет пен судьялар корпусының бірлескен күш-жігерімен ғана қол жеткізуге болады. Судьяларды іріктеу қандай кандидаттар қандай еңбегі үшін жұмысқа қабылданғанын білуі үшін жұртшылық білу үшін БАҚ-та жариялануы тиіс. Дауларды шешудің баламалы тәсілдерін де дамыту қажет, бұл мемлекеттің қатысуынсыз ымыраға келуге мүмкіндік береді. Мұндай институттар дамыған елдерде өзін жақсы көрсетті.

Міне, осы тың талаптар тұрғысынан табылу үшін судьялар қауымы да барлық күшжігерлерін жұмылдыруы керек. Сонда халықтың сотқа деген сенімін барынша арттыра түсеріміз даусыз.

Нури ОМАРБЕКОВ,

Алматы облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының судьясы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK