Кеше primaries.kz сайтында партия ұйымдастырып жатқан партияішілік іріктеу праймеризге қатысушылардың тізімі жарияланды. Саяси додаға Алматы облысынан 1108 кандидат тіркелді. Олардың қатарында көп балалы аналар, белсенді жастар, көшбасшы әйелдер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, тағысын тағылар бар.

Нәзікжандылар праймеризде белсенді, партияішілік іріктеуге қатысушылардың 36,4 пайызын әйелдер құрайды. Бүгінде саяси додаға қатысушылар үгіт-насихат жұмыстарына дайындалуда. Оның ішінде насихаттық уақытта өткізілетін шараларды пысықтап, арнайы штаб құрып, өз өкілдерін сайлап жатыр. 7 қыркүйекте үгіт-насихат кезеңі басталады. Әр кандидат қал-қадірінше өз бағдарламасын түсіндіріп, өзін сайлауға ниеттілердің қатарын толықтыруға қарекет қылады.

Мұнан соң, яғни 1-3 қазанда дауыс беру кезеңі басталады. Егер Сіз партия мүшесі болсаңыз үйден шықпай-ақ дауыс бере алатын мүмкіндік жасалды. Кандидаттарға онлайн түрде primaries.kz веб-порталымен және саяси науқанға орай әзірленген мобилді қосымша арқылы дауыс беруге болады.

Ал Сіз орналасқан аймақта интернет желісі әлсіз немесе мүлдем болмаған жағдайда партия өкілі дауыс беру учаскесіне келіп бюлеттен арқылы дауыс беруге болады. Болмаса онлайн кабинканың қызметін қолдана алады.

Алматы облысы бойынша кандидаттардың тізімін https://primaries.kz/candidates?page=74&search=&region=7211ddc6-1fbb-2bbf-aaa3-c2e25bb6f05d&territory сілтемесінен көре аласыздар.

Егер партия құрамында болсаңыз веб-портал немесе мобилді қосымшал арқылы тіркеліп, «Кандидаттар» бөлімшесін басу арқылы олармен танысуға болады. Естеріңізге сала кетейік, елімізде «Nur Otan» партиясының партияішілік іріктеу – праймериз жүріп жатыр және ол 3 қазанға дейін жалғаспақ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK