Мәнерлеп өлең оқу сайысы өтті

766
Дереккөз

Елордамыздың 20 жылдығына орай Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйытқы болуымен «Астана бас қала — Талдықорған жас қала» атты мәнерлеп өлең оқу сайысы өтті.

Дереккөз

Аталмыш байқау мектеп оқушылары мен колледж білімгерлері арасында ұйымдастырылды. “Мақсатымыз өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастыру, олардың кітапқа, көркем шығармаға деген қызығушылықтарын ояту, жастар арасында мәнерлеп өлең оқуды кеңінен насихаттау, шығармашылық қабілеттерін одан әрмен дамыту” -дейді ұйымдастырушылар. Нәтижесінде оқушылар арасында I орынды Азамат Смайл , II орынды Абыр Досқали,  III орынды Ақниет Қиябекова иеленді. Ал,  колледж білімгерлері арасында I орынға Керімхан Қызырбай лайық деп танылса, II орын Бейбарыс Қалиевке, III орын Нұрай Бабажанға бұйырды. Барлық  қатысушыларға естелік сыйлық пен Алғыс хат  табыс етілді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK