Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға кезекті Жолдауын жариялайды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук парақшасында жазды, — деп хабарлайды Тaldykorgan-online.kz

«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы 2020 жылдың 1 қыркүйек күні өтетін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланып отыр.

Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады»,-деп жазды Баспасөз хатшысы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK