Футболдан Чемпиондар лигасының финалында Германияның «Бавария» командасы «Пари-Сен Жермен» кездесіп, жеңіске жетті. Француздар 0:1 есебімен есе жіберді, — деп хабарлайды Тaldykorgan-online.kz

Ақтық мәре Лиссабон қаласының «Эштадиу да Луш» стадионында өтті. Ойынның алғашқы кезеңінде қос команда футболшылары тартысты өнер көрсетіп, гол соғатын бірнеше мүмкіндіктерге ие болды. Бұл тұста қақпашылар Нойер мен Навас өздерінің мықтылығымен көзге түсті. Осылайша, матчтың бірінші таймында есеп ашылған жоқ.

Ойынның екінші бөлігінде де командалар алма кезек шабуылдарға иек артты. Нәтижесінде 59-минутында «Бавария» сапынан Кингсли Коман баспен гол соғып, Навастың қақпасынан саңылау тапты. Оған гол соғатын пасты Йозуа Киммих берді.

Сонымен қатар, мюнхэндік команда аталмыш турнирдің барлық кездесуде жеңіске жетті. Тарқатып айтсақ, германиялық ұжым 11 кездесу өткізіп, 43 гол соқты. «Бавария» финалда ПСЖ командасын (1:0), жартылай финалда «Лион» (3:0), ширек финалда «Барселона» (8:2), 1/16 финалда «Челсиді» 4:1, 3:0), топтық кезеңде «Тоттенхэмді» екі рет (3:1, 7:2), «Црвена Звезданы» (3:0, 6:0) және «Олимпиакос» ұжымын (3:2, 2:0) есебімен жеңді.

Осылайша «Бавария» командасы Чемпиондар лигасындағы бір маусымда барлық ойындарын жеңген бірінші команда атанды. Сөйтіп бұл ұжым 2013 жылы Юпп Хайнкес және Хосеп Гвардиода және «Реал» командасымен Карло Анчелотти тіркеген рекордты жаңартты. Бұл клубтар қатарынан он матчта жеңіске жеткен болатын.

«Бавария»өз тарихында алтыншы рет Чемпиондар лигасын жеңіп, жүлде көрсеткіші бойынша «Ливерпуль» командасына жетті. Бұл екі команда аталған жарысты жеңу жағынан үшінші орында келеді. ЧЛ турнирін ең көп жеңген команда «Реал» (13) болса, екінші орында «Милан» (7) келе жатыр.

Сонымен қатар биыл «Бавария» ЧЛ, Германия біріншілігі және Германия кубогін жеңіп, требл жасады. Мұндай нәтижені мюнхэндік ұжым 2012-13 жылғы маусымда жасаған тұғын.

Германиялық команда футбол тарихында екі рет требл жасаған екінші команда атанды. Бұған дейін мұндай көрсеткішті «Барселона» 2008-09 және 2014-15 жылғы маусымда тіркеген.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK