Биылғы жылдың 17 тамызынан елімізде «Nur Otan» партиясының праймеризі бастау алды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша праймериз — партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет республикалық партияішілік сайлау ауқымында өткізіліп отыр. Бұл туралы «Jetisy media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы облыстық партия филиалының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев мәлімдеді, — деп хабарлайды Тaldykorgan-online.kz

Спикер алдымен партия праймеризі жайлы толығырақ ақпарат беріп, артынша өңірде атқарылған жұмыстарға, алдағы жоспарларға тоқталды.

Айта кетейік, мұндағы праймериздің басты мақсаты — Парламент Мәжілісіндегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру, партиялық ілгерілету, мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну үшін бәсекелестік күрес негізінде нақты және мықты көшбасшыларды анықтау.

Жанболат Әкебайұлының айтуынша, коронавирус пандемиясының өршуіне байланысты партияішілік сайлауда онлайн-форматта дауыс беру механизмі ұсынылып отыр.

Праймериз төмендегі кезеңдер бойынша өткізіледі, олар:

1) кандидаттарды ұсыну және тіркеу;

2) кандидаттарды үгітке даярлау;

3) үгіт жұмысы;

4) дауыс беруді өткізу;

5) тізімдерді дайындау.

Кандидаттарды ұсыну және тіркеу жұмысы, кандидат келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:

1) — Қазақстан Республикасының аумағында соңғы он жыл ішінде тұрақты тұрып жатқан және жасы жиырма беске толған Қазақстан Республикасының азаматы;

2) — жасы жиырмаға толған Қазақстан Республикасының азаматы;

3) — сотталмаған

4) — сыбайлас жемқорлық қылмыспен айыпталмаған

5) «Nur Otan» партиясының мүшесі болуы қажет.

Партия қатарынан шығарылған тұлға праймеризге жіберілмейді;

Қажетті құжаттардың тізбесі:

  • өтініш, онда мәслихат деңгейі не Парламенттің Мәжілісі көрсетіледі;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе құжаттар ақпараттық жүйеде берілген жағдайда, түпнұсқаның сканерленген көшірмесі;
  • Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
  • наркологиялық және психоневрологиялық ұйымдардан анықтамалар;
  • міндеттемелерді қабылдайтыны туралы өтініш;
  • бастауыш партия ұйымы (бастауыш партия ұйымынан ұсынылған кандидаттар үшін) жиналысының хаттамасы;
  • партиялық билеттің көшірмесі (бар болған жағдайда).

Одан әрі, үгіт жұмысын жүргізу, жария пікірсайыстар өткізу, дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу, қорытындыларды айқындау болып табылады.

Пікірсайыстар партияның ресми аккаунттарында таратылатын «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы өткізілмек.

Сондай-ақ, облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары праймеризге қатысуға өтініш білдірген үміткерлерді тіркеу 17 тамыздан 29 тамызға дейін жалғасатынын айтты. Одан кейін, 7 қыркүйектен 3 қазанға дейінгі аралықта кандидаттардың үгіт жұмыстары, сонымен қатар 14-30 қыркүйек аралығында жария пікірсайыстар өткізу қарастырылған.

Үміткерлер қатысу үшін primaries.kz сайты немесе өзінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша аумақтық партия филиалында ақпарат алып, талапқа сай болса құжаттарын өткізуге болады.

Праймериздің қорытынды кезеңі 1-3 қазан аралығында жетісулық нұротандықтар мобильді қосымша және арнайы веб-портал арқылы электронды дауыс бере алады. Дауыс берудің соңғы күні (3 қазан) бас­тауыш партия ұйымдарының базасында дауыс беру учаскелері ашылады. Интернет желісі жоқ елді мекен тұрғындары дауыс беру учаскелеріне келіп, қағаз    бюл­летеньдер арқылы дауыс бере алады.

Осыдан кейін Ж.Жөргенбаев Алматы облысындағы праймеризді ұйымдастыру бойынша жұмыстарға тоқталды.

Оның айтуынша, аймақта 316 бастауыш партия ұйымы, 2748 партиялық топтары, 92 054 партия мүшесі бар. Алматы облысы бойынша қазіргі барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының саны 321, оның 41-сі облыстық, 280 аудан, қалалық.

Партияның кадрлық резервінде барлығы 1026 үміткер жинақталды (мемлекеттік қызметкерлер мен партия қызметкерлерін есептемегенде). Үміткерлердің 132-і – облыстық (44 – облыстық орынға)894 — аудандық, қалалық (40 қалалық, 258 аудандық орынға) деңгейде.

Сапалық құрамы бойынша барлығы: 359 (35%) — әйел, 235 (23%) – жастар. «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы партияның кадрлық резервін іріктеу мақсатында, облыс бойынша әр бастауыш партия ұйымының жанынан 315 дауыс беру учаскелері құрылды.

Бүгінгі таңда «Nur Otan» Саяси менеджмент мектебінде партиялық кадрлық резервтің 300— ден  астам өкілі ішкі партиялық іріктеуге қатысу үшін оқудан өтті.

Праймериз бойынша облыс және аудан-қалалық партия филиалдарында ұйымдастыру комитеттері құрылды. Облыстық ұйымдастыру комитетінде  – 21 адам, аудан, қалалық комитеттерде – 253 адам, барлығы 274 адам. Облыстық -1, аудан,қалалық- 20 учаскелік 315 есеп  комиссияларында – 1456 адам бар.

Облыс, аудан қалалық партия филиалы төрағаларының 30% партиялық квотасына сәйкес, 98 адам қалыптастырылды.

Тіркелу жұмыстары: 17 тамыздан 19 тамызға дейін 323 үміткер праймеризге қатысуға өтінішін білдіріп, оның  175-і тіркелді.

Статусы бойынша ұсынылған: бастауыш партия ұйымынан — 108 үміткер, өзін-өзі ұсыну арқылы – 215 үміткер.

Оның ішінде партияның кадрлық резерві мүшелерінен 313 үміткер, резерв болмаған – 10 үміткер бар.

Үміткердерден 23 адам облыстық деңгейге, 300 адам аудандық деңгейге өтініш білдірген.

Страта(әлеуметтік топтар) бойынша: әйелдер — 107,

35 жасқа дейінгі жас — 68, көпбалалы ана — 2, мүгедектер — 2, қандастар — 5 үміткер болып отыр.

Аймақтық, аумақтық  сайлауалды бағдарламаларда жергілікті жерлердегі денсаулық сақтау сапасы, жұмыссыздық мәселесі, табыстың төмендеуіне, цифрлық қызметтер көрсету сапасы, білім саласындағы проблемалардың шешілу жолдары көрініс тапты. Осы бағдарламалар праймериз барысында  үгіт-насихат кезеңінде жарияланып, тұрғындардан ұсыныстар мен аманаттар жинақталады деп күтілуде.

БАҚ беттерінде, әлеуметтік желілерде «Мен праймеризге қатысамын» айдары ашылып, ақпараттар жариялануда, жалпы 300 мақала жарық көрді.

Партия әлеуметтік желілер потенциалын да кеңінен пайдалануда. «Фейсбук», «Инстаграм», «Твиттер», «Телеграм», «Ювижн» әлеуметтік желілерінде үнемі ақпараттар салынуда. Дәстүрлі газет беттерінде праймериздің ережесі, хабарламасы жария көрді. Телеграм желісінде «Праймериз 2020», «Цифровой Nur Otan» каналдары ашылған. Сол каналда да барлық қажет ақпараттар жариялануда.

Ашық пікірсайыс (дебат) өткізуге  арналған 156 орын анықталды. Оның 46 келісім шартпен, 110 рұқсатпен мекеме  иелерінің  рұқсатымен.

Сонымен қатар, праймериз кезінде үгіт насихат жұмыстарын жүргізу бойынша ашық, аралас, жабық түрлері анықталып алынды. 8 аудан – ашық (Ақсу, Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Кербұлақ, Ұйғыр), 9 аумақтық партия филиалы аралас ( Ескелді, Іле, Қарасай, Панфилов, Райымбек, Сарқан, Талғар, Талдықорған, Текелі),  3 ауданда (Қаратал, Көксу, Қапшағай)  – жабық түрде өтеді.

«Ендігі кезек, жетісулық азаматтардың саяси белсенділігімен, көшбасшылық қасиеттерін көрсете білуінде. Егерде Сіз, ел дамуы жолында оң өзгерістерге қадам басқыңыз келсе, жарқын болашақ үшін праймеризге қатысуға шақырамын», — деді облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK