Шаһар басшысы Ғалымжан Әбдірайымов спортшылар мен спорт саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, — деп хабарлайды Тaldykorgan-online.kz

Құрметті спортшылар, жаттықтырушылар, спорт ардагерлері және спорт саласының қызметкерлері!
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Қазақстан спортшылары талай биік белестерді бағындырып, дүбірлі додаларда топ жарды.
Спортшыларымыз төрткүл әлем көз тіккен, байрақты бәсекелерде Қазақстан намысын абыроймен қорғауда.
Алдыңғы буын ардагер спортшыларымыздан үлгі алып, өскелең ұрпақта спортты жандарына серік етіп, салауатты өмір салтын ұстанып келеді.
Біздің қаламызда спортқа ден қойған адамдар саны жылдан жылға арта түсуде. Спортшыларымыздың жетістіктері мен жеңістері де көбейіп келеді.
Олар республика көлемінде ғана емес, халықаралық деңгейде де мақтанарлық нәтижелерге жетуде.
Толағай табыстарда жаттықтырушыларымыздың маңдай терлері мен табанды еңбегінің қолтаңбасы жатқандығын айта кеткен артық болмас.
Құрметті спортшылар мен спорт саласының қызметкерлері!
Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға жақсылық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Жеңісті күндеріңіз көп болсын!
Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK