Орташа жалақы 85 мың теңге — Талдықорғанда бос жұмыс орындары жарияланды

72

«Талдықорған қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында бос жұмыс орындарына орналасуға шақырады. Бағдарлама аясында Талдықорған қаласында құрылыс, күрделі жөндеу, сондай-ақ 33 инфрақұрылымдық жобаны абаттандыру жұмыстары басталды.

Орташа жалақы: 85 000 (сексен бес мың) теңге

Осыған байланысты, жоғарыда аталған бағдарлама бойынша Сіздердің назарларыңызға БОС жұмыс орындарының саны мен ТІЗБЕСІН ұсынамыз:

 дәнекерлеуші-10 бос жұмыс орны
 электр жөндеуші – 5 бос жұмыс орны
 бетоншы — 36 бос жұмыс орны
 жол жұмысшылары – 73 бос жұмыс орны
 сылақшы – 35 бос жұмыс орны
 сырлаушы-15 бос жұмыс орны
 құрылыстағы жұмысшылар-145 бос жұмыс орны

«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасына қатысу үшін Сізге Талдықорған қаласы, Желтоқсан көшесі, 222 мекен – жайында орналасқан «Талдықорған қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не жүгіну қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефондар бойынша қоңырау шалуыңызды сұраймыз: 8 (728)2- 250 867, 252 067; сот: 8(777) 947 00 08, 8 (701) 276 31 32 e-mail: zanyatost.taldykorgan@mail.ru

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK