Ұлт дәстүрін дәріптеген әжелер

865
дереккөз

Рухани жаңғыру — ұлттық сананың кемелденуі. Салт-дәстүріміз, тіліміз, әдебиетіміз, жоралғымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс.

Қаламыздағы №6 балабақшада «Салт-дәстүр — асыл қазына» атты тәрбие сағаты Елбасының «Болашаққа бағдар — рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылды.

Бұл шараның қүрметті қонағы Еңбек ауылындағы «Асыл әжелер» ансамблінің өнерпаздары. Ең алдымен балабақшаның тәрбиеленушілері ән,  тақпақ айтып, би биледі.

«Біз халық әндерін  айтып қана қоймай, ұлттық  салтымызды, қолөнерімізді  насихаттап келеміз.  Біздің ансамбль 2010 жылы  Еңбек ауылындағы мәдениет үйі жанынан құрылды. Тобымызда 12 өнерлі  әже бар. Ауылымызда өтетін барлық  мәдени шараларға қатысамыз. Мектеп, балабақша, оқу орындарының тәрбиелік шараларына барып, ұлттық дәстүрімізді ұлықтап жүрміз» — дейді ансамбль жетекшісі Гүлбақ Әлібекова.

Әжелер баянның сүйемелдеуімен  бірнеше халық әндерін орындады. Көздің жауын алар төр көрпелерді өздерімен бірге ала келіпті. «Кемпірқосақ», «Жұлдызша», «Махаббат»  деген көрпешелерді балаларға көрсетті. Балалар көрпешелердің үстінде отырып, ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырды. Мәселен, «Теңге тастамақ» ойнын  балдырғандар серуенге шыққанда емін-еркін ойнайтын көрінеді.

Балаларға қазақтың өлмес салты, дәстүрін дәріптеген асыл әжелер кішкентай Айшаның тұсауын кесті. Тәй-тәй басқан балғынға ақ баталарын  айтты.

Ал балабақша меңгерушісі Гүлзат Манджекова апалар ансамбліне, балалардың ата-аналарына, өнерлі балаларға  ақжарма тілегін білдірді. Күнделікті өмірімізде ұмыт қалып бара  жатқан ұршықпен жіп  иіруді апалар балаларға көрсетті. Тәрбие сағаты соңында апаларға көрпе тігу, шұлық, қолғап  тоқудың қыр-сыры турасында сұрақтар қойылды. Әжелер ұршықтарын иіріп отырып, әсем әндерін  әуелетті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK