Қазақстанда оқушылар мен мұғалімдер үшін ай сайынғы абоненттік төлем 990 теңгені құрайтын «Білім» тарифі іске қосылады, деп хабарлайды  taldykorgan-online.kz  ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

Тариф тамыздың екінші жартысында қолжетімді  болады, деп хабарлады байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаментінің директоры Гүлнәр Бөкеева.

«Мұғалім» немесе «студент» байланысының шарттарын Білім және ғылым министрлігі анықтайды. Бұл мәселе әлі толық пысықталмаған. Мүмкін олар оқытушылар мен студенттердің тізімін берер», — деді министрліктегілер.

Қолайлы тариф барлық ұялы байланыс операторларына бірыңғай әсер ететін болады.

Арнайы тарифке Білім министрлігі бекіткен 380 отандық білім беру ресурстарына шексіз қолжетімді  болады.  Байланыс операторлары қосымша абоненттерге бір гигабайт интернет-трафикті ұсынады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK