Алматыда дәрі-дәрмек жасап шығаратын болады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасының тікелей эфирі кезінде мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.-ке сілтеме жасап taldykorgan-online.kz.

«Бізде көктемнен бастап жұмыс істейтін бірнеше компания бар. Олар дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс заттарын жасап шығарған. Біз оларға көмектестік. Пайызсыз ақша бердік. Біз өзімізді — өзіміз қаржыландыру үшін олардың көбісіне қаладан кәсіпорын ашуды ұсындық» , — деді. Оңтүстік астана әкімдігі үкіметті бұл бағыттағы жұмысты еркін экономикалық салада кеңейтуге шақырды. «Медициналық заттар мен дәрі-дәрмектерді өндіру бойынша бес фармкомпаниямыз бар. Тағы бір компания оттегі концентраттарын шығаруға дайын екенін айтып жүгінді» , — деді Бақытжан Сағынтаев.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK