Алматы облысында қазақы көріністегі Дисней паркін ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Рашид Күзембаев ҚР премьер-министірдің сайтына берген эксклюзив сұхбатында мәлім болды.

«Шетелдік инвестицияларды тартуға байланысты жобаларға келетін болсақ, бұл тақырыптық ойын-сауық саябақтары болуы тиіс. Әлем бойынша «Диснейлэндтер», «Юниверсал Студиос», «Лотте Уорлд», «Европа парк» және басқалары бар. алматы облысында өте қызықты жобаны іске асыру жоспарланған. Біз алдын ала әлеуетті инвесторлар – Shanghai Shendi Group кездестік, ол әлемдегі бар алты «Дисней парктің» ең заманауи және ең технологиялы саябағы болып табылатын Шанхайдағы «Дисней парк» жобасын іске асырған. Олар қызығушылық танытып отыр. Біздің «Дисней паркте» тақырыптық нақыш болғанын қалаймыз, ол тарихи тұлғалармен, қазақтардың көшпелі мәдениетімен байланысты болмақ. Ол – Аттила, Шыңғысхан, Әмір Темір, Бабыр, Сұлтан Бейбарыс. Бұл жақсы жоба және ол қолдауға ие болады деп ойлаймын», — дейді Рашид Талапұлы.

«Kazakh Tourism» ұлттық generique cialis компаниясының басқарма төрағасының айтуынша, әзірге концепт, шеберлік жоспары кезеңінде, бірақ жобаның бастамашасы Алматы облысы әкімдігімен жер бөлу туралы меморандум жасасып, концепті бар. Қазір техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK