Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік комиссияға елде карантин режимін тағы екі аптаға ұзартуды тапсырған. Осыған байланысты үкімет жұмыссыз қалғандарға 42500 теңгенің жартысын яғни 21250 теңге төлемек. Бұл туралы 30 шілде күні өткен  брифингте вице-премьер Ералы Тоғжанов  мәлім етті.

«Карантин ұзартылғаны үшін міндетті түрде төлем төленеді. Бірақ 42500 теңге соманың жартысы ғана — 21 250 теңге беріледі», — деді Тоғжанов.

Бұған дейін карантин кезінде табыссыз қалған азаматтарға үкімет ең төменгі жалақы мөлшерінде, яғни 42 500 теңгеден төлеген еді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің айтуынша, шілдеде бұл қаржылай көмек 1,8 млн адамға берілген.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK