Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ қызметінен кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған Тaldykorgan-online.kz

Жұмыстан босағаны туралы ақпаратты аймақ әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер растады. Бауыржан Ысқақ жұмыстан шығу туралы өзі өтініш жазғаны белгілі болды.

Қызметтен кетудің басқа себептері айтылмады. Сондай-ақ оның орнына кім келетіні белгісіз.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK