Қазақстан коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны бойынша Қытайды басып озды. Жалпы республика бойынша елде COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 87 664 жеткен, — деп хабарлайды NUR.KZ порталына сілтеме жасаған Тaldykorgan-online.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, Қытайда 87 457 адамда коронавирус расталған. Ал Джон Хопкинс университеті жариялаған ақпаратта аспан асты елінде 87 213 адамның COVID-19 жұқтырғаны айтылған.

Ал Қазақстандағы жағдайға келсек, COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 87 664-ке жеткен. Өткен тәулікте 1472 адам коронавирус жұқтырған. Елімізде індеттен 57 815 адам жазылса, 793 науқас көз жұмған.

Ал жалпы әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 16 959 936 жетіп отыр. Оның ішінде 9 908 772 адам жазылып, ауруханадан шықса, 665 581 науқас қайтыс болған.

COVID-19 вирусының расталған 4 425 652 жағдайымен әлем бойынша бірінші орында АҚШ тұр. Соңғы 24 сағат ішінде мұнда коронавирус індетінен 1600 адам көз жұмған. Бұл мамыр айынан бері ең жоғары көрсеткіш. Жағдай әсіресе елдің оңтүстігі мен батысында орналасқан бірнеше штатта ушығуда.

Қауіпті дертті жұқтырғандардың саны бойынша екінші орында Бразилия орналасқан. Оңтүстік америка құрлығында орналасқан елде 2 522 265 адамнан COVID-19 анықталған.

Үшінші орынды Үндістан қорытындылап тұр. Бұнда инфекцияның 1 531 669 жағдайы тіркелген.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK