Атырау мен Шымкент қалаларында қайтадан блок-бекеттер орнатылады. Жергілікті билік бұны Құрбан айт мерекеcімен байланысты енгізілген уақытша шаралар деп отыр. Тиісті шешімді облыстардың бас санитар дәрігерлері қабылдаған деп хабарлайды  ақпарат көздеріне сілтеме жасап taldykorgan-online.kz .

Екі жағдайда да бақылау-өткізу пункттерін тәртіп сақшылары мен эпидемиологтар күзетеді. Олар Атырау мен Шымкент аумағында ешкімнің малды соймауын қадағалайтын болады. Бас санитар дәрігерлердің қаулыларына сәйкес, 31 шілде мен 2 тамыз аралығында қалаларда жаппай шараларға, Атырау және Шымкент тұрғындарына қонақтар шақыруға және мешіттер мен медреселерде садақа беруге тыйым салынады. Сонымен қатар мейрам күндері бұл қалаларда құрбандық ретінде мал союға қатаң тыйым салынады. Осы мақсатта арнайы орындар анықталған.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK