Республикалық резервтен  дәрінің қорын толықтыру үшін 551,3 млн. теңге бөлінген еді. Оның 20 млн. теңге вирусқа қарсы препараттардың 39 түріне және 531,3 млн. теңге қаржыға жеке қорғану құралдарына өтінім ретінде берілді. «Demeu Trading» ЖШС-мен 263,2 млн.теңгеге бір реттік қорғаныш костюмдерінің 35 100 жиынтығын жеткізуге шарт жасалды.

Қазіргі таңда  2,1 млн. бетперде,  оның ішінде республикалық бюджеттен – 208,2 мың дана, жергілікті бюджеттен — 1,9 млн. дана жеткізілді.  Ал құқық қорғау органдарымен тәркіленген – 534,4 дана, гуманитарлық көмек – 80,1 мың дана бетперделер алынды.

Бүгінгі күні облыста жеке қорғану құралдарының қоры бір айға жеткілікті. Оның ішінде 850 мың маска, 150 мың жұп қолғап және 45 мың жиынтық қорғаныш бір реттік костюмдер бар.

Қорғаныш құралдарынан дәрі-дәрмектің мәселесіне ойыссақ. Өңірдің инфекциялық және провизорлық стационарларында 250 930 қызу түсіретін, 40 535 вирусқа қарсы препараттар, сондай-ақ , 475 380 антибиотиктер бар.

 Халыққа   қажетті 22 дәрі-дәрмектің қоры қалыптасуда. Қазіргі уақытта Талдықорған қаласының қоймаларында 124 637 мың препараттарға қолжетімді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK