Қам жемесін

285
дереккөз

Айтыс өнеріне айшықты із қалдырған, Оңтістік Қазақстанның шайыры марқұм Қанабек Сарыбаев тура айтып, туғанына жақпағанның бірі ғой. Айтыскерлігімен, жазбалығы қатар жүретін ақын бірде жыр мүшайрасына қатысыпты. Өлеңі  топты жарып, бәйге алатын кезде қазылар бұра тартып жүлдесіз  қалдырып, өмірден сыйлық алмай кеткен бір ақынның атындағы арнайы жүлдені ұсыныпты. Сонда Қанабек:

 Өлеңімнің  өлмейтіні хақында,

Қам жемесін жақынымда, жатым да.

Қазақтағы сыйлықтардың көбісі,

Сыйлық алмай кеткендердің атында,  – деген екен.

А.БҰЛҒАҚОВ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK