Волейбол: Жетісулық ардагерлер үздік атанды

699
дереккөз

Жуырда Қызылорда қаласында Ауған соғысы ардагерлері арасында волейболдан ІІ республикалық чемпионат өтті. Жарысқа әр өңірден жиналған командалар өзара шеберлік байқасып, нәтижесінде жетісулықтар жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, мамыр айында бірінші республикалық турнир Талдықорғанда өткен еді. Сол кезде жетісулық ауған соғысы ардагерлері жүлдегерлер қатарынан көрінген. Ал, Қызылордадағы бәсекеде барын салып, жеңімпаз атанып отыр. Облыстық ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы Қайрат Жаңабаевтың айтуынша, ойын аса тартысты өткен. «Командалардың осалы жоқ. Көктемде бізде өткенде, біз қабылдаушы тарап болғандықтан, қонақтарға мүмкіндік бергенбіз. Бұл жолы барымызды салдық. Нәтижесінде, біздің ойыншымыз Қуат Иманханов сайыстың ең үздік ойыншысы атанды» дейді ардагер.

«Жалпы, Жетісуда волейбол спорты жақсы дамыған. Осы спорт түрінен «Жетісу» қыздар командасы республиканың бірнеше дүркін чемпионы. Бұл – облыс әкімі Амандық Баталовтың волейболға аса қамқорлық танытып қарауының арқасы. Мамыр айында ардагерлер арасындағы турнир де өте жоғары деңгейде өтті. Осы жолы да облыс басшысы бізге сәт-сапар тілеп шығарып салды. Міне, үмітті ақтадық деп білемін. Өңір басшысы, Қазақстан Волейбол федерациясының вице-президенті Амандық Ғаббасұлына барша ардагерлер атынан алғыс айтамын» дейді Қайрат Жаңабаев.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK