Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды түсіндіру, сондай-ақ, мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызмет жұмысы бойынша Webex Meet байланысы арқылы тікелей эфирде жиналыс өтті.

Аталған онлайн жиналысқа облыстың жергілікті атқарушы органдары мен орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерінің басшылары және кадр қызметі жұмысының басшылары қатысты.

Жиында сөз алған департамент басшысы Ляззат Бейсеқұлова мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтармен бөлісіп, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының шарттары мен мүмкіндіктері туралы түсіндірді.  Осыдан соң Ляззат Мұқатайқызы қатысушылармен онлайн пікір алмасып, айтылған ұсыныстарды тыңдап, бірқатар сауалдарға жауап берді.

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK