Талдықорған қаласының әкімі құрылысшыларды марапаттады

293

Тамыз айының екінші жексенбісінде елімізде дәстүрлі түрде Құрылысшылар күні  аталып өтіледі. Ел экономикасының қарыштап дамуы  жолында бұл салада қызмет етіп келе жатқан мамандардың орны ерекше. Кәсіби айшықты мереке елімізде  1998 жылдан бері мерекеленеді . Сәйкесінше, қоғамда құрылысшыларға деген  құрмет те жыл өткен сайын артып келеді.

 Бүгін Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында Құрылысшылар күніне арналған салтанатты жиын өтіп, оған қала әкімі Е.Бәзіл қатысты.

Талдықорған қаласының  әкімі Ернат  Бәзіл құрыш қолды құрылысшыларды кәсіби мерекемен құттықтап, еліміздің қанатын кеңге жайып, экономиканың өрлеп-өсуінде құрылысшылардың еңбегі зор екендігін атап өтті.

«Құрметті құрылысшылар! Қадірлі сала ардагерлері!

Сіздерді  кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын  жүректен құттықтаймын!Бұл – ежелден сұранысқа ие болып, бүгіннің өзінде маңызы артқан мамандықтардың бірі. Олай дейтінім, айналамыздағы зәулім үйлерді құрыш қолды  құрылысшылар  салады.  Облыс орталығында, жыл сайын тұрғындарға жүздеген мың шаршы метр тұрғын  үй табысталуда. Қаншама тұрғын қуанышқа бөленіп,  қоныстойларын тойлап келеді. Ғимараттар, мекемелер күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Осының бәрі  құрылысшылар жұмысының жемісі. Талдықорған  қаласының түрленіп, архитектуралық сәулетінің көркеюі жолында талмай еңбек етіп жатқан барша сала мамандарына ризашылығымды білдіремін»,- деді Ернат Дүйсенбекұлы.

Салтанатты шарада құрылыс саласында еңбек етіп жүрген бір топ азаматтар марапатталды.

«Талдықорған әуендері» ән-би ансамблінің өнерпаздарының концертін шараға қатысушылар тамашалады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз