Жетісулық тәртіп сақшылары бір миллион теңгеден астам қаражатпен бағалы заттарды ұрлап шетел асқан Тәжікстан азаматын қолға түсірді. Облыстық полиция департаметі баспасөз қызметінің мәліметінше бұл оқиға 2019 жылдың наурыз айында орын алған. Осыдан соң  Қарасай ауданының полиция басқармасына сол ауданның 37 жастағы тұрғыны шағымданып 1 миллион теңгеден астам ақшасы мен жеке заттарының ұрланғаны туралы арыз жазған.

Бұл істі ҚР ҚК 188 бабы 2 бөлігінің 3 тармағы бойынша тіркеуге алған полиция қызметкерлері оқиға орнына барып күдіктінің кілт таңдау арқылы пәтерге кіргенін анықтаған. Алайда сол пәтерді жалдап тұрған 29 жастағы Тәжікстан азаматы тәртіп сақшыларының күдігіне ілінгенімен  дереу оқиға орнынан ізі суытқан. Күдікті қолды еткен бір миллион теңгеден астам қаражатпен бағалы бұйымдарды өз Отаны Тәжікстанға барып қажетіне  жұмсаған. Жақында ол Қазақстанға оралып, Нұр-Сұлтан қаласындағы құрылыс нысандарының бірінде жұмыс жасап жүрген жерде қолға түскен. Жауап алу кезінде күдікті ұрлық жасағанын бірден мойындап, ол ұрлық ұмытылып кетті деп ойлап қайта оралғанын айтқан. Қазір сот бұйрығымен бұлтартпау шарасы аясында қамауға алынған  күдіктіге қатысты тергеу аяқталуға жақын.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK