Екі апталық карантинде Алакөлдегі демалыс орындары жұмысын жалғастыра береді  Сондай-ақ, көлдің Алматы облысына қарасты жағында тынығуға барғандардан ПТР сынамасының нәтижесі талап етілмейді. Бұл туралы облыстық туризм басқармасы жариялады,-деп хабарлайды taldykorgan-online.kz.

Алакөлдің екі облысқа тиесілі екенін білесіз. Сондықтан Шығыс Қазақстанға қарасты жағында талап басқаша. Яғни ол жақта тынығу үшін коронавирусты жұқтырмағаның туралы анықтама болуы керек. Алакөлде демалудың ақысы да әр түрлі. Туристік компаниялардың ұсынысы бойынша сегіз күнге арналған турдың ең арзаны 55 мың теңге шамасында. Оған жатын орын, үш мезгіл тамақ және пойызбен Алакөлге барып келу ақысы кіреді. Жайлылығы жағына мән берсеңіз, 100 мың теңгелік турлар да бар.

Сондай-ақ соңғы кезде Каспий жағалауында тынығу сәнге айналып барады. Әрине батыста баға жоғары. Яғни бір адамның Каспий маңында жеті күн тынығу үшін 80 мың теңге шамасында төлейді. Оған ұшақ ақысы, жатын орын және таңғы ас кіреді. Әрине қымбат ұсыныстар да бар.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK