«Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» ЖҚ ұйымның жоғары өкілетті органы — Орталың кеңес мүшелерінің ашық сайлауын өткізбек. Бұл шара ұйымның 18 жылдық тарихында алғаш мәрте ұйымдастырылып отыр. Осылайша 18 бен 29 жас аралығындағы әрбір жас орталық кеңес мүшелігіне өте алады.

Сайлау екі кезеңнен тұрады. Дауыс беру нәтижесінде Орталық кеңестің 33 мүшесінің 16-сы анықталмақ. Сайлау қортындысы 26 ақпан күні жарияланатын болады. Айта кетейік, бірінші кезеңде 18-25 қаңтар аралығында «Жас Отанның» әлеуметтік желідегі сілтемелері арқылы тіркелу керек. 25 қаңтар мен 8 ақпан аралығында үміткерлер cialis pas cher «#ЖасОтанСайлау» хэштегімен инстаграм арқылы 5 мың лайк немесе 500 адамның қолын жинауға міндетті. Ал, 10-24 ақпанда өтетін екінші кезеңде жеткілікті дауыс жинағандарға онлайн дауыс беріледі. Бұл сайлау Елбасының қатысуымен өтетін «Жас Отанның» төртінші съезіне дайындық десе болады. Бүгінде «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» ЖҚ-ның құрамында 126 мыңнан астам жас бар.

«Мұндағы басты мақсат – «Жас Отанның» ашықтығын көрсетіп, қоғаммен байланысын арттыру. Сонымен қатар жастар арасында білікті әрі белсенді азаматтарды анықтап, келешекке сеніммен қарайтын жаңа буын қалыптастыру. Яғни, мүшелікке енген азамат жастар арасындағы басты проблемаларды көтеруге мүмкіндігі болады. Айталық, студенттердің құқықтары бұзылған кезде, жұмыссыздыққа душар болғанда немесе баспанамен қамту сынды мәселелерді «Жас Отан» ЖҚ-ның Орталық кеңсіне жеткізіп, шешу жолдарын қарастыра алады. Одан бөлек, кеңес мүшесі сол проблемаларды мемлекеттік органдарға жеткізу құқығына ие болады» — дейді «Жас Отан» жастар қанатының Алматы облысы бойынша өкілі, Алматы облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Бақтияр Жақсыкелдинов.

«Жас Отан» қатарына қосылу үшін мына сілтемеге өтіңіз.

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfaC_uBC_GpzeS2lzL7E84VCCi4ouh8DbhuTuYwvpr9ggZUgw/viewform

Ал, «Жас Отан» ЖҚ Орталық кеңес мүшелігіне кандидаттыққа үміткер болғыңыз келсе, мына сілтемеге өтіңіз.

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScWQSg0F1itjjmQOdQ5fKk8SKTMHmFThVBPwflQL-imVA4YLg/viewform

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK