Талап-тілек, ұсыныстар ескеріледі

355
фото Айдын Нұршанов

Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаевтың тұрғындармен есептік кездесуі  «Достық» үйінде  өз жалғасын тапты. Шаһар басшысы қаланың  9-алаң, «Қаратал» және «Шығыс»  шағын аудан тұрғындары мен әскери бөлімдері  алдында есеп берді. Қала әкімі Б.Қарасаев жұртшылық алдында өткен жыл ішінде шаһар бойынша істелген жұмыстар мен алда тұрған міндеттер жайында баяндама жасады.

Өткен жылғы жұртшылықпен кездесуде айтылған ұсыныс-пікірлердің барлығы да ескерілген. Күрделі 13 ұсыныс бойынша іс-жоспар жасалынып, олардың орындалуы назарға алынған. Мәселен, жолдар құрылысы мен жөндеу бойынша — 3, саяжай қоғамдастығының электр желілерін жаңғырту, абаттандыру, экологиялық 3 жоба, ауыз су, денсаулық сақтау нысанының құрылысы, көлік және басқа мәселелер қолға алынып, шешілді.
Бүгінде қала халқының саны 172 мыңға өскен.  Қолданысқа 4 жаңа өндіріс орны беріліп, жұмыс жасап тұрған 3 кәсіпорын ауқымын кеңейтті. Нәтижесінде 1,5 млрд. теңге инвестиция тартылып, 116 жаңа жұмыс орны ашылды. 64 жеке қосалқы шаруашылықтардың бірігуімен 4 ауыл шаруашылық кооперативі құрылды. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында 26 кәсіпкер мемлекеттік қолдауға ие болды. Сонымен қатар  тұрғын үй құрылысы айырықша қолға алынып, тұрғындарымыз  жаңа үйлерінде қоныс тойын тойлады.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламсының үшінші басымдығы аясында тұрғындардың қайтарған  қаражаты есебінен 4 көп пәтерлі тұрғын үйлерге жөндеу жүргізілген. Коммуналдық шаруашылық саласында Оңтүстік өнеркәсіптік аймақта орналасқан бұрынғы кардиологиялық орталыққа дейін 1,3 шақырымға жылу желісі тартылды. Пригородный  ауылында сумен жабдықтау желісі және Абылайхан көшесіндегі үйлерге электр желілерін қайта құрылымдау жұмыстары  жасалған.

Қалалық бассейн мен қаланың Шығыс жағалауында орналасқан саябақты қайта қалпына келтіру және көгалдандыру жұмыстары аяқталды. Жалпы 13 аула аймақтары абаттандырылды.

Тұрғындар тарапынан жарық, көлік, жол,арық жүйесі, кәсіпкерлікті дамыту турасында сауалдар қойылды. Шаһар басшысы  бірлесе шешетін жұмыстардың күрмеуі болмайтындығын атап көрсетті. Жұртшылық әкім есебіне қанағаттанарлық деп баға берді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK