Қаперіңізде жүрсін!

431
Дереккөз

 

Соңғы күндері еліміздің барлық аймағындағы аязға байланысты Талдықорған қаласының төтенше жағдайларды  жою және ескерту жөніндегі комиссиясы бірнеше пайдалы кеңес ұсынады.

                                                        ҮСІК ШАЛУ

Тәжірибе көрсеткендей адамдардың көбіне аяқтары, қолдары және беттері тоңады. Аз ғана уақыттың ішінде қатты үсік алып қалуға болады.

Кеңес: Қалай жылыну керек?

Жалаңаш қолыңызбен қарға құлап қалсаңыз — cаусақтарыңызды жұдырыққа түйіңіз де киімнің ішіне жасырыңыз.  Қолыңыз құрғақтанып, жылынғаннан соң ғана қолғабыңызды киіңіз.

Қолыңыз қолғаптың ішінен тоңып қалса.  Қолдарыңызды серпіп қимыл жасаңыз. Мұндай жағдайда қолыңызды жұдырыққа түюге болмайды. Оларды дененің қызуымен жылытыңыз, мысалы, киімнің астына жалаңаш денеңізге тигізіңіз.

Аяқтарыңыз тоңып қалса. Егер үсік шалған башпайларыңыз ауыра бастаса, ауырғанына шыдап, аяқтарыңызды серпіңіз.

Беттеріңіз тоңып қалса. Алдыға қатты еңкейіп, біршама уақыт жүру керек, немесе  10-20 рет терең еңкею қажет. Үсік шалған жерді жұмсақ матамен ысқылау керек (қармен ысқылауға болмайды, себебі,  ол үсікті күшейтіп, теріге зақым келтіреді). Қатты жел соғып тұрғанда бетті тығыз матадан жасалған маскамен  жауып қорғау керек.

Үсік көбіне білінбей шалады. Сондықтан айналаңыздағы адамдардың құлақ, мұрын, бет ұштарының,  иектерінің кенеттен ағарып кеткенін көрсеңіз, оларға сол туралы міндетті түрде айтыңыз.

Үсік шалған адамды қалпына келтіру тәсілдері

Әсіресе тиімдірегі:

  • ваннаға түсіру (алайда 40оС аспау керек);
  • зиян шеккен адамды ыстық суға салынған орамалмен немесе жаймамен орау қажет.

Суып бара жатқан матаны ауыстырып отыру қажет. Суып кеткен мата үсікті күшейтеді!

Сонымен бірге жапа шеккен адамның қол-аяғын ақырындап уқалау керек. Қан айналымы бас және дене жаққа кетуі үшін аяғын биіктетіп қойған жөн. Жылдам  қимылдау керек.

Адамды қалыпты және бірыңғай жылытқан жөн.

Барлық дене үсіп қалған кезде дененің жеке бір жерлерін жылыту өте қауіпті!

Мысалы, алаудың қасында  жапа шеккен адамды жылы жастыққа от пен жарық шағылысатын экранның ортасына отырғызу қажет, алайда оған қатты ыстықтың қажеті жоқ,  және байқай отырып, өз денесінің жылуымен жылытып, қауіпті жағдайдан біртіндеп шығарған жөн.

Жапа шеккен адам жылынып, өзіне-өзі келген соң ыстық тәтті шай немесе кофе беру керек, егер жүрегі айнымаса, құспаса, тамақ беріңіз. Содан соң жылы жерде, тек қана көлденең қалыпта, бір тәуліктен кем емес уақытқа тыныштықта жатқызып қою керек. Бастапқы бірнеше сағат бойы зардап шеккен адамның жанына дені сау адамды жатқызып қойған жөн, ол денесінің қалыпты жағдайын тексеріп, қажет болса қыздырып тұруы керек.

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Үсік шалған адамды жылытқаннан гөрі оның алдын алған жеңілірек!

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK