Елдегі экономикалық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сақтау үшін мықты, бәсекеге қабілетті әділдік қағидасына негізделген мемлекеттік қызмет болуы шарт. Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын басты талап – халыққа адал әрі мінсіз қызмет көрсету. Осыған байланысты әр азаматтың талап тілегін тыңдап, әдептілікпен өтініштерін қанағаттандыру мемлекеттік қызметшілердің алдында тұрған негізгі міндет.

  ҚР мемлекеттік қызмет істер агентігінің Алматы облысы бойынша департаменті  басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің хатшылық меңгерушісі Ләззат Бейсеқұлованың айтуынша, бүгінде жалпы еліміз бойынша мемлекеттік қызметшілер 92 мыңнан асады. Президент тапсырмасына сай жыл өткен сайын жұртқа қызмет көрсету сапасы да артуда. Себебі, қызметшілердің білімі мен біліктілігін жоғарлатуға бар мүмкіндіктер қарастырылып, еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі жолға қойылған. Міне, бұл мамандардың қарапайым халыққа сапалы қызмет өтеуіне тың серпін берді. Ал, Алматы облысында 7 мыңнан астам мемлекеттік қызметші бар. Аймақтағы мемлекеттік мекемелер саны – 779. Қазір әр қызметкер қолданыстағы заңға сай өз мідеттерін ойдағыдай атқаруда.

Белгілі сарапшы І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-нің «Мемлекеттік басқару және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Байтаеваның пікірінше, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік құрылымдарды азаматтардан түскен өтініштерге жедел әрі тиімді әрекет етуге шақырып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жариялады. Әрине, халықтың мұң-мұқтажымен сұраныс талаптарын ең бірінші болып жергілікті жерлерде еңбек ететін мемлекеттік қызметшілер тыңдайтыны белгілі. Сол үшін оларға қойылатын талап қатаң, жауапкершілік жоғары, ал сенім биік болуы тиіс. Өйткені, мемлекеттік қызметшіге алдына келген әрбір азаматтың арызын тыңдап, аз ғана уақыттың ішінде сұрағының жауабын оңтайлы шешу міндеті жүктелеген. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшінің кәсіби даярлығы мен жоғары біліміне аса үлкен мән берілетіні сөзсіз. Сол себепті де, мемлекеттік қызметке қабылданғаннан бастап оларға тәлімгер бекітіп, жаңа қызметке бейімделуіне көмек көрсетіледі. Жас қызметші қайта даярлау курсына жіберіліп, оқытудан өтеді. Әрі үш жыл сайын біліктілігін арттыру заңмен міндеттелді. Бұл шаралардың бәрі де мемлекеттік аппараттың сапалық құрамын жоғарлатуға бағытталған шаралар екені анық. 2015 жылы қабылданған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында да бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылды. Мемлекеттік қызмет саласында жаңа реформалар іске асырылып, кәсіби аппарат қалыптастыруға мол мүмкіндік берілді.

Сондай-ақ Гүлнар ханым: — Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі аталған реформалардың жергілікті жерлердегі орындалуы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттеріне жүктелді. Осы орайда, атап өту қажет біздің өңірде де жоғарыда атап өткен жұмыстар тыңғылықты жүзеге асырылды. Мемлекеттік қызметке іріктеу мәселесінің ашықтылығы, конкурстарға байқаушларды міндетті түрде қатыстыру, сонымен бірге, қызметте еңбегіңе байланысты жоғарылау сияқты талаптар қатаң сақталып келеді.

Облыста мемлекеттік қызметшілердің болашақ пулын қалыптастыруға да үлкен мән берілді. Аумақтық департамент аймақта орналасқан оқу орындарымен бірлесе отырып, тың нәтижеге бағытталған жобалар қабылдады. Бұл бастама студенттер арасында мемлекеттік қызметтің оң иммиджі қалыптасты деуге болады. Қазіргі уақытта, облыста ісімен көзге түскен қызметкерді көтермелеу, олардың жоғары нәтиже көрсеткендерді бағалау үрдісі де көңілге қонады. Бұл арқылы мемлекеттік қызметшілерді ынталандыруға зор мүмкіндік туды.

Сонымен бірге, Мемлекеттік басшысының жоғарыда аталған тұжырымдамасы аясында республика аумағында алғашқы рет өткізілгелі отырған «Үздік ауыл әкімі» конкурсы мен жыл сайын өтетін «Үздік мемлекеттік қызметші» конкурстарын атап өтуге болады. Аталған конкурстарды негізгі мақсаты — мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибесін, үздік кәсіби білімі мен дағдыларды тарату, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін айқындау және оларды ынталандыруды жетілдіру болып табылады»,  – деп санайды.

Жалпы, елімізде енгізілген реформалар мен жаңалықтардың орындалуы тікелей жергілікті жердегі басқару құрылымдарының қызметіне байланысты. Ал, мемлекеттік басқару жүйесінде соңғы жылдары қыбылданған реформалардың Алматы облысында жүзеге асуы мен орындалуына жоғары баға беруге болады, — дейді сарапшы.

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK