Биыл Қазақ елінде халқымыздың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы атап өтілетіндігі баршаға белгілі. Ақынның мерейтойына арналған іс-шаралардың жоспарында концерттер мен конференциялар ғана емес, ақынның туған өлкесін абаттандыру, музейлер, парктер, тіпті мектеп салу қамтылған.  Абай Құнанбаевтың мерейтойын атап өтуге қалай әзірленіп жатқаны туралы Primeminister.kz шолуында атап өтілген деп хабарлайды taldykorqan-online.kz.

 

Нақты жұмыстар  Президент тапсырмасына сәйкес қолға алынған.  2019 жылғы сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Абайдың мерейтойын мерекелеудің ауқымды жоспарын әзірлеуді және  мерейтойды мерекелеу үшін құрылған комиссияға салтанатты іс-шараны тиісті деңгейде ұйымдастыруды тапсырған болатын.

 Қазақстан Президенті Абайдың 175 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралардың тәжірибелік маңызы зор және идеологиялық мәні болуы тиіс екенін атап өтті.

Ұлы Абай мерейтойының ресми ашылу рәсімі 2020 жылғы 21 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында «Астана Опера» театрында өтті.

 Абай Құнанбайұлының  175 жылдығына атап өту мақсатында Семейдегі және Абай ауданындағы тарихи-мәдени нысандарды жөндеу және жаңғырту жұмыстары қолға алынған болатын.

Абай туған өлке…

Ақынның кіші отаны — Абай ауданында дайындық жұмыстары толық көлемде жүріп жатыр. Ауданда жолдар жөнделіп, тарихи маңызы бар нысандар қалпына келтіріліп, жаңа құрылыстар салынып жатыр. Сырт Қасқабұлақ ауылында бұлақ маңындағы аумақты көркейтіп, кірме жолды жөндеп, «Сырт Қасқабұлақ» стеласын орнатады. Әзірлеушілердің ойынша, ескерткіш белгі орнатылатын аумақ, оның нобайы домбыра түрінде болады, әсіресе биіктен ерекше байқалатын болады.

 

Бүгінгі таңда мұнда мемориалдық кешенді салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр, алаңды жоспарлау жұмыстары аяқталды, жиектастар орнатылды, кеспе тастар төселуде. Ағаш отырғызу аяқталды, 60 метр  қоршау орнатылды.

Бұдан әрі абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жалғастыру, Сырт Қасқабұлақ сыртының көркін жақсарту көзделген.

 

 

Ұрпақтар сабақтастығы мен дәстүрлі құндылықтарды сақтау үшін Абайдың мәдени мұрасы мен оның қоршаған ортасы үшін өте маңызды нысан — Құнанбай әулетінің қорымы орналасқан Ақшоқы жері. Қазіргі таңда қорымды қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, ал жанына Құнанбай Өскенбайұлы музейі тұрғызылып жатыр. Халық жаңа тұлғаларды танып, оның отбасы туралы толығырақ білетін болады.

Сондай-ақ «Абай – Шәкәрім» үй-жайларының аумағында ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Мемориалдық кешеннің батыс бөлігін абаттандыру мен көгалдандыруды (басты кіреберіс), инженерлік желілерді төсеу, кесенелер мен мешітті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау жоспарланған.

Қарауыл ауылында демеушілік қаражат есебінен мешіт пен қатымхана құрылысы қолға алынған. Демеушілер Абай ауданынан шыққан азаматтар.  Абай ауданының Қарауылтөбе ауылында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеу жөніндегі негізгі іс-шаралар басталғанға дейін жоспарға сәйкес жаңа мешіт аудан тұрғындары үшін ашылады.

Сондай-ақ мұнда домбыра түріндегі Абай атындағы саябақ салынуда.  Бүгінде 300 ағаш отырғызылып, 1700 тонна тасты жер және 2100 тонна құнарлы топырақ әкелінді. Қоршаулар орнатылды, электрмен және сумен жабдықтау жүйесінің траншеясын әзірлеу жұмыстары аяқталды. Электр сымдары мен су құбырларын салу жұмыстары басталды. Сондай-ақ 1500 м су құбыры төселді.

 Бүгінгі таңда «Қарауыл төбе» ипподромы мен Қарауыл ауылындағы «Дала сахнасы» жөнделіп жатыр.

Сондай-ақ, Абай ауданында 300 орынға арналған мектептің құрылысы басталған.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығын реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұнда қонақтар үшін визит-орталық салынады.

Семейде Абай алаңын қайта жаңарту жұмыстары атқарылып жатыр

 

Семейде Абай алаңын ауқымды түрде реконструкциялау жұмыстары қолға алынған, жақында толықтай жаңартылады. Жоба бойынша жиектастарды жаңарту, ойшылға арналған ескерткішті көркемдік жарықтандыру, сондай-ақ балалар мен спорт алаңдарын, автомобильдерге арналған тұрақ салу, фонтан қою көзделген. Ұлы ақынның құрметіне аталған театр да толық жаңартылады. Шатырдың жұмсақ жабынын, қасбетін жөндеу, баспалдақтарды жаңарту және аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Абайдың 175 жылдығына орай ең маңызды іс-шаралар Семей театрында өткізіледі.

Абай музейінде де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Музей аумағында ұлдарымен бірге тұрған ақынның жаңа ескерткіші орнатылады. Абай алғаш рет өзінің ең жақын адамдарының ортасында бейнеленеді. Бұл жерде ол өз отбасын сүйетін адам кейпінде болады, және оның балаларының бейнесі — бүкіл қазақ халқын сипаттайды.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK