Міне, тағы бір оқу жылы артта қалды. Биылғы 2019-2020 оқу жылы білім саласына үлкен өзгеріс әкелді. Себебі, әлемдік пандемия және осыған орай  еліміздегі жарияланған төтенше жағдайға байланыста білім беру жүйесі түбегейлі өзгеріске ұшырады. Республика көлеміндегі білім беру мекемелері толық қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Осы аз ғана уақыт ішінде «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» — деген нақыл тағы бір дәлелденді.  Барлық жұмыстар дұрыс ұйымдастырылып, мұғалім мен оқушының және ата-ананың бірлескен нәтижелі әрекетіне куә болдық.

 

 

Биылғы оқу жылында «М.Жұмабаев атындағы №19 ортамектеп-гимназиясы МДШО» КММ бойынша 1110 оқушы аяқтады. 3 маусым күні мектеп бітіруші түлектерге арналған «Біз біргеміз: Түлек -2020» атты салтанатты жиыны өткізілді. Жиын кезінде пандемияға сәйкес барлық санитарлық жағдай жасалып, толық орындалды. Биылғы оқу жылында 50 түлек алтын ұя мектебімен қоштасты. Олардың  5-еуі «Алтын белгі»  төсбелгісімен, ал 1 түлек үздік  үлгідегі жоғарғы орта білімді аттестат иесі атанды. Ұлттық бірыңғай тестілеуге  40 түлек өтініш беріп отыр.

Елдегі төтенше жағдайға қарамастан мектеп ұжымы мына міндеттерді алға қоя отырып, жыл бойы жоспарланған жұмысын жалғастырады:

      Білім беру үрдісін оқу-тәрбие, әдістемелік және ғылыми негізде ұйымдастыру;

      Пәндер бойынша неғұрлым тиімді әдістерін таңдау арқылы сапалы білімге қол жеткізу;

      Бүгінгі күн талабына сәйкес білім беру үрдісін ақпараттандыру;

      Қазіргі қоғамға тән білім беру үрдісін ізгілендіру, дербестендіру және саралау нәтижеге бағытталған білім беру ;

      Жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттері мен мүмкіндіктеріне қарай олардың одан әрі дамуы мен қабілеттерін әске асыруға жағдай жасау;

      Озық ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігін сабақ өту процесінде қолдану;

      Ұжымда шығармашылық ахуал тудырып, мұғалімдерді ғылыми-зерттеу іс –әрекетіне баулу;

      Заманауи бағытта материалдық-техникалық базаны нығайту;

      Оқушылардың құқықтық блімін жетілдіру, тәрбиенің кешенді бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу.

Сонымен қатар, биылғы жыл-халқымыздың дана перзенттері мен ұлы даланың ұлы есімдеріне айналған тұлғалармен ерекшеленген жыл болып отыр. Атап айтсақ, қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл, әлемнің екінші ұстазы аталған Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл, халқының биігінде мәңгілікке жарқырап тұрған жұлдызы Шоқан Уәлихановтың туғанына185 жыл толды. Мектеп-гимназия ұжымының ұстаздар қауымы осы аталған ұлы тұлғаларды дәріптеу мақсатында  да өз үлестерін қоса білді.

Абайдың 175 жыл толуына орай «Абай оқулары» өткізіліп қана қоймай, оқушыларымыз қалалық, облыстық  өткізілген және қашықтықтан өткізілген республикалық іс-шараларға белсене қатысты.

Шоқан Уалихановтың туғанына 185 жыл толуына орай мектеп-гимназия бойынша дөңгелек үстел өткізіліп,  ұстаздарымыз ұйымдастырылған конференцияларға да қатысып, баспасөз беттеріне, әлеуметтік желілерге  де өз мақалаларын жариялады.

Осылай, биылғы оқу жылы да өз ерекшелігімен тарихта таңбаланып қалары хақ. Еліміздің басына түскен ауыртпашылықта ел болып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, өз тарапымыздан қолдау көрсетейік.

Биылға алтын ұясынан ұшқалы отырған жас түлектерімізге жарқын болашақ, кемел келешек, әрқашан болашақтары жарқын болуына тілектеспіз.

 

                                                                                                     Қайрат Сарқытов,

                                                          Талдықорған қаласы  М.Жұмабаев атындағы

                                                        №19 орта мектеп-гимназиясының директоры.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK