Оқушылар өрт сөндірушілердің жұмысымен танысты

280
Дереккөз

Алматы облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі  №1  мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі «Ашық есік күнін» өткізді. Іс-шараға Ленин атындағы №2 орта мектептің оқушылары қатысты.

Дереккөз

Шараны өткізудегі  негізгі мақсат —  азаматтық қорғау органдарының имиджін көтеру, жастарды кезекші қарауылының жеке құрамының жауынгерлік қызметімен және гарнизонның құрал-жабдықтарымен таныстыру, жас ұрпақты өз еліне деген патриотизмге тәрбиелеу. Балаларға осы күн ерекше әсер қалдырды, өйткені, олармен ғимараттың барлық бөлмелеріне экскурсия өткізілді, қызметтік және тұрмыстық бөлмелермен танысты, бөлімнің автогаражында орналасқан өртке қарсы  техникалар көрсетілді.

Дереккөз

Қонақтарға №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау старшинасы Болат Нұрсейтов  өрт сөндіру бөлімінің қызметі туралы кеңінен айтып берді.

 

 

Алматы облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK