Алкагольдік сыра профилактикасы

428
Дереккөз

2018-2020 жылдар «Салауатты Қазақстан» салауатты өмір салтын және профилактикалық ауруларды қалыптастыру шеңберінде «ҚР ІІМ ТЖК Алматы облысы ТЖД Жедел құтқару жасағы» ММ  «ҚР ІІМ ТЖК Алматы облысы ТЖД ӨҚжәнеАҚЖ» бірлескен 2018 жылдың 22 қаңтарында «Алкагольдік сыра профилактикасы» атты семинар  өткізілді.

Аталмыш семинарды Талдықорған қаласының облыстық наркологиялық диспансерінің нарколог-дәрігерлері жүргізді. Семинарда тыңдаушыларға алкагольді қолдану, оған деген тәуелділік, ішкі органдардың зақымдануының алдын алу жайлы айтылды. Сондай-ақ, маскүнемділіктен емделу жолдары талқыланды. Барлық тыңдаушыларға «Сыраның алкоголизмдік профилактикасы» жайында жадынамалар таратылып, оның зияны  туралы видеоролик көрсетілді.

 

Алматы облысы ТЖД «Жедел құтқару жасағы» медицина-психология бөлімі

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK