Жетісу жерінде тағы 15 адам жұқпалы дертке шалдыққан. Атап айтқанда, вирус жұқтырғандардың 5-уі Талдықорған, 5-уі Қапшағай қаласында тіркелсе, аймақтағы Ақсу, Талғар, Қарасай, Панфилов және Ескелді аудандарында бір-бір адамнан қауіпті дерттің белгілері анықталған. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Барлық 15 науқастың ауру белгілері белсенді түрде анықталды. 1964, 1973, 1975, 1989, 1962, 1987, 1996, 2015, 1994 жылдары туған азаматтардың вирус жұқтырғаны профилактикалық тексерілуден өту барысында белгілі болған. Соның ішінде 1962, 2012, 1990, 1968, 1959, 1964 ж.т. 6 науқас бұрын коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен байланыста болған.

Қазірг барлық науқас оқшауланып, жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылған. Эпидемиологиялық тексеру жалғасып жатыр.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK