Қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі әлеуметтік желіде ғұлама ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Қожағұловпен «Абай мұрасы мәңгілік» атты онлайн дәріс ұйымдастырды.

 Ұйымдастырушылардың айтуынша,  ұлы ақынның өнегелі өмірімен оқырмандарды таныстыру, шығармаларына шолу жасау. Дәріс барысында, Абай шығармаларының тәрбиелік мәні , шығармалары  қанша тілге аударылған оның  мұрасын кімдер зерттеді? Абай туралы қандай қызықты оқиғаларды білесіз және тағы басқа сұрақтарға тұшымды жауап берілді. Оқырмандар тарапынан 27 сұрақ қойылып, 215 оң пікірлер жазылып, 655 қаралым болды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK