Тұманбайдың өлеңі

512
фото дереккөзі

Қазақ поэзиясының қара нарлары Қадыр МырзаӘлиев пен Тұманбай Молдағалиев құрдас әрі дос екен. Олардың  қалжыңдары  жарасып, үнемі егіз қозыдай бірге жүретінін жалпы зиялы қауым жақсы біледі. Сөзге шешен, ойға көсем, Қадырдың табан астында сөз тауып, қарсыласын шаң қаптырып кететіні тағы бар. Кемеліне келген шағында Қадыр аға бала кезінде жазған өлеңдерінен ұялып, біразын өртеп жіберіпті.

Қашаңғы өртей берсін. Жұртқа  жария болған өлеңдері қолдан-қолға өтіп кетпей ме? Бір күні туған ауылында бір үлкен той болып, ақын сонда барыпты. Жұрт жапатармағай  ақынға құрмет көрсетіп жатыпты. Осы сәтте бір қарт кісі, ақынның бала кезіндегі бір өлеңін өзіне оқып беріп: «Әй, Қадыр, мына өлеңді танисың ба, кімнің өлеңі?», — деп сұрапты.   Қадыр: «Жоқ танымаймын», десе, үлкен кісі: «Қалай ойлайсың, өлең өзі жақсы өлең бе, жаман өлең бе?», — деп тағы сұрапты. Қадыр ақын: «Өзіңіз қалай ойлайсыз?», — десе, үлкен кісі: «Өте нашар, сауатсыз жазылған», екен депті. Сонда Қадыр: «А-а-а, онда ол Тұманбайдың өлеңі» — деген екен.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK