Соңғы уақытта Талдықорған қаласында коронавирус инфекциясын жұқтыру деректерінің көбеюі жергілікті халықтың үрейін тудырды. Ел арасында тіпті облыс орталығының жақын арада толықтай карантинге жабылатынын жайлы қауесет тарап кеткен. Соңғы уақытта қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселеге қатысты қала әкімдігінің өкілдері жауап берді деп жазады  taldykorgan-online.kz .

«25 мамыр күні Талдықорған қаласы 100% карантинге жабылатыны жайлы ақпарат жалған. Бұл шындыққа жанаспайтын мәлімет» , — деп жазды әкімдік өкілі Instagram парақшасында.

Айта кетейік, 14 мамыр күні Талдықорғанда коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелген болатын. COVID-19 полиция қызметкерінен анықталған еді. Тәртіп сақшысының 157 адаммен байланыста болғаны анықталған.  Бүгінде қалада қауіпті вирус жұқтырғандардың саны 36 адамға жетті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK