Тұрғын үй секторындағы “Өрт қауіпсіздік сенбілігі”

325
Дереккөз

Өткен жыл ішінде қалада 138 өрт оқиғасы болған. Салдарынан 4 адам көз жұмды. Осыған орай Талдықорған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері Талдықорған гарнизонының өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамымен бірлесе отырып “Өрт қауіпсіздік сенбілігін” өткізді.

Дереккөз

“Өрт қауіпсіздік сенбілігі” жеке құраммен жиі өткізіліп отырады. Әр сенбі жеке тұрғын үй секторлары араланып, аралау барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, оларға арнайы ұсыныс түбіртегі, парақшалар, жадынамалар таратылады.  Тұрғындар  қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтайтын болса оқыс оқиғалардың саны азаяды. Ақауы бар жылыту пештерін пайдалану, электр жүйелерін жаңартпау, балалардың ойынын қадағаламау секілді қарапайым жағдайлардың соңы үлкен өкінішке әкеледі.  Сондықтан сала мамандары барлық тұрғындарға өрт қауіпсіздігіне салғырт қарамауды ескертеді. Осы бағыттағы профилактикалық жұмыс жылыту маусымы бойы өткізіліп отырады.

 

Ғ. Нұрлыбаев, Талдықорған қаласы ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK