Жетісу өңірінде коронавирус инфекциясымен ауырған тағы 19 адам тіркелді. Вирусты жұқтыру  Талдықорған қаласында — 12, Кеген ауданында – 4, Талғар ауданында — 2, Қарасай ауданында — 1 жағдай.  Аталған 19 адамның 16-сы белсенді түрде анықталып, 3-уі медициналық мекемеге жүгіну кезінде белгілі болды, – деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

ПТР-талдау нәтижелері бойынша бұл науқастардың барлығына COVID-19 диагнозы қойылды. Ауырған адамдар алдын ала оқшауландырылып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.
Олармен байланыста болған азаматтар да оқшау орналастырылып,  коронавирустың бар-жоғын анықтауға зертханалық тексеруден өтуде. Эпидемиологиялық тексеру жалғасып жатыр.
Бүгінгі күнде жалпы Алматы облысында  инфекцияны жұқтырғандар саны  238-ге жетті.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK