Ипотекалық қарыз алушыларды мемлекеттік қолдау аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы тапсырмасы бойынша 2015 жылдан бастап ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырылуда (бұдан әрі — Бағдарлама).

Бағдарлама жалғыз тұрғын үйді сақтауға, 2004 жылдан 2009 жылға дейін ипотекалық қарыз алушылардың қарыздық жүктемесінің төмендеуіне, сондай-ақ 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шетел валютасымен қарыз алған қарыз алушылар үшін валюталық тәуекелді болдырмауға бағытталған.

2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктер және ипотекалық ұйымдар бағдарламасы бойынша қайта қаржыландыруға 256,1 млрд теңге сомасына 37 149 несиелер мақұлдады, 229 млрд. теңгені құрайтын 34 686 несиелер қайта қаржыландырылды.

Бағдарламаны іске асырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін 2015 жылы Қазақстанның барлық аймақтарында қарыз алушылардың ипотекалық қарызды қайта қаржыландырудан бас тарту туралы шағымдарын қарау Комиссиялары құрылды. Комиссия қарыз алушылардың банктің Бағдарлама талаптарына сәйкес несие беруден бас тартуының заңдылығы туралы шағымдарын қарайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің құрамынан шығуына байланысты, 2020 жылдың 10 ақпанында, Алматы облысының әкімдігінде Алматы облысында екінші деңгейлі банктердің ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартуына қатысты қарыз  алушылардың шағымдарын қарау мәселелері жөніндегі комиссиясы (бұдан әрі — Комиссия) құрылды.

Комиссия құрамына Алматы облысы Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің, Алматы облысы Прокуратурасының, Алматы облысы бойынша әділет департаментінің, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кірді.

Бағдарламаға қатысушы банктердің қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартуына қатысты қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Талдықорған қаласындағы өңірлік өкілдіктер Басқармасы болып табылады.

Комиссияның негізгі қызметі болып қарыз алушылардың Бағдарламаға қатысушы банктің қарыз беруден бас тартуына қатысты шағымдарын қарау. Қайталанған шағымдар жаңа дәлелдемелер немесе жаңадан ашылған мән-жайлар болған жағдайда ғана қаралады.

Комиссия отырыстары шағым берген адамның қатысуынсыз өткізіледі.

Комиссия отырыстары шағымданушының қатысуынсыз өткізіледі. Комиссия отырыстары шағымдар түскеніне қарай  өткізіледі.

Комиссия шағымды қарау үшін қарыз алушы жазбаша түрде Комиссия мүшелеріне банктік құпияны ашуға келісімін беріп және құжаттар тізімімен келесі мекен-жай бойынша: Талдықорған қаласы, Төлебаев көшесі, 58/64 үй.

Қажетті құжаттар тізімін және келісім алуға өтінім үлгісін алу үшін келесі байланыс телефондарына хабарлассаңыз болады: +7 (7282) 55-95-05.

Шағымды Комиссия келіп түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қарайды. Қосымша зерттеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда шағымды қарау мерзімі тағы 30 күнтізбелік күнге немесе ол түпкілікті орындалғанға дейін ұзартылуы мүмкін.

Объективтілік үшін Комиссияның шешімі банктің ақпаратын және Бағдарламаның барлық критерийлерін ескере отырып, ашық дауыс беру арқылы қабылданады, және егер Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Шешім туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарланады.

2019 жылдың 23 желтоқсанында Бағдарламаға банктерге Бағдарламаның шарттары бойынша «халықтың әлеуметтік әлсіз топтары» санатында бұрын қаржыландырылған қарыздар бойынша, қарыз алушылардың қарызды жеңілдетудің қосымша тетіктерін қолдануға құқық беретін өзгерістер енгізілді. Банктің балансына өткен тұрғын үйді меншікке қайтару мақсатында қаржы институттарына қарыз алушыға жаңа несие беру арқылы немесе одан әрі өтеу мүмкіндігімен жалға беру арқылы қаржыландыру құқығы берілді.

Қарыз алушының қаржылық және әлеуметтік жағдайын жан-жақты талдаудан кейін банктер қосымша көмек көрсетеді.

Егер банк қосымша көмек беруден бас тартса, қарыз алушы Комиссияға шағымдануға құқылы.

Айта кету керек, Бағдарламаның 1 және 2-бөлімдерінің шарттары бойынша қарызды қайта қаржыландыру туралы Комиссияның шешімдері банктер үшін міндетті болып табылады.

Сонымен бірге, Бағдарламаның 2-1 бөлімі шеңберіндегі Комиссияның шешімдері тек кеңес беру сипатына ие. Бағдарламаға қатысушы банктер Комиссияның ұсынысы бойынша қосымша көмек туралы түпкілікті шешімді дербес қабылдайды.

Жандос Ержанұлы, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту

агенттігінің Талдықорған қаласындағы өңірлік

өкілдіктері басқармасының бас маманы

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK